[:kz]Коронавируспен күреске сүбелі үлес қосқан медицина мамандары Шарманов атындағы халықаралық қордың арнайы сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл марапатқа алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға қосқан үлесі үшін Джон Хопкинс университетінің ғалымдары Дэвид Бишай мен Майк Шлайф, сондай-ақ қазақстандық дәрігерлер, COVID-19 диагностикасы мен емдеу хаттамасын әзірлеуші инфекционистер – Бақыт Көшерова мен Амангүл Дүйсенова ие болды. Лауреаттарға арнайы төсбелгілер беріліп, 1 миллион теңгеден сыйақы табысталды. Шетелдік ғалымдар бұл шараға онлайн қосылды. Коронавируспен күресте елеулі еңбек сіңіргендерді қордың қамқоршылық кеңесі анықтады.
Айта кетейік, Шарманов атындағы халықаралық қор биыл 16 ақпанда құрылған. Ұйымның мақсаты – денсаулық сақтау және дұрыс тамақтану саласындағы жас және болашағы зор ғалымдардың жобаларын қолдау.
Амангүл Дүйсенова, дәрігер-инфекционист:
– Коронавирусты емдеу хаттамасын топ болып дайындадық. Халықаралық тәжірибені зерттеп, дәлелденген емдеу жолдарын қолдандық. Соның арқасында Дүниежүізілік денсаулық сақтау ұйымымен бекітілді. Біздің елдегі әрбір адам әлемдік стандарт бойынша ем қабылдап жатыр. Емдеу хаттамасы өткен жылдың үшінші ақпанында дайындалған болатын.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/505258-meditsina-mamandaryna-khaly-araly-sharmanov-oryny-syjly-y-tabystaldy[:]