[:kz]Академик Төрегелді Шарманов атындағы халықаралық қор денсаулық сақтау саласында халықаралық сыйлық тағайындады.
Ондағы мақсат медицина саласын дамытуға үлес қосқан мамандардың еңбегін атап өту. Қордың қамқоршылық кеңесінің құрамына Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов, Мұрат Әуезов, Қуаныш Сұлтанов сынды белгілі қоғам қайраткерлері мен әлемге әйгілі қазақстандық дәрігерлер Юрий Пя мен Серік Ақшолақов кіреді. Сыйлықтың алғашқы номинанттарының қатарында АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дәрігерлері Дэвид Бишай мен Майка Шлайфф, инфекционист мамандар Бақыт Көшерова және Амангүл Дүйсенова бар. Оларға қор атынан 1 млн теңге көлемінде сыйлық табысталды.
Төрегелді Шарманов, ҚР ҰҒА академигі:
– Бұл күреске ерекше үлес қосқан қазақстандық ғалымдар мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде шетелдік азаматтарға халықаралық сыйлық тағайындалды. Сондықтан осындай азаматтарды көріп, іштей қуанып отырмын қолдап келгендіктеріне шетелдік азаматтардың. Біздің ғалымдардың өсіп, бұл мәселеге қол жетімділік жасауға ықпал еткен оларды да бағалап, қор сыйлығын тағайындадым.
Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/499032-sharmanov-atynda-y-khaly-araly-syjly-ta-ajyndaldy[:]