[:ru]Черновик[:kz]Алматыда Т. Шарманов халықаралық сыйлық табысталды[:]

[:kz]

Қазақ тағамтану академиясының Президенті Төрегелді Шарманов 92 жасқа толды

Алматыда Т. Шарманов халықаралық сыйлық табысталдыAlmaty.tv

Бүгін Қазақ тағамтану академиясының Президенті Төрегелді Шарманов 92 жасқа толды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекет және қоғам қайраткерін құттықтауға Алматы қаласы әкімінің атынан орынбасары Әсем Нүсіпова арнайы барды. Жиналғандар академиктің денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі зор екенін айтты. Тың ғылыми жаңалықтардың жаршысы, елімізге ерекше еңбегі сіңген мемлекет қайраткерін құттықтауға зиялы қауым өкілдері, медицина саласының үздіктері жиналды.

«Төрегелді Шарманов ағамыз – өмірге деген құштарлықты адамның денсаулығын қуатты ету арқылы ұлттың сапасын көтеруге орасан еңбек сіңіріп жүрген тұлға», – деді «Төрегелді Шарманов Халықаралық қоры» қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов.

Төрегелді Шармановтың халықаралық қоры былтыр құрылған болатын. Құрамында қазақтың беткеұстарлары Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов және Мұрат Әуезов бар. Бүгін қор қызметі аясында еңбегі көпке тиген медицина қызметкеріне премия табысталды. Мұндағы мақсат – тың жаңалық ашқан жас ғалымдар мен дәрігерлерді қолдау. Болашақта қордың жұмысын жандандыру көзделіп отыр.

«Менің олардың алдына қоятыным бұрын соңды болмаған жаңа тәсілдермен емдеп, оны дәлелдеп, анықталғанына байланысты лауреат атағы беріледі. Былтыр короновирусқа қарсы керемет протокол жасаған адамдар алды. Сырт мемлекеттен 2 адам, өзімізден 2 адам. Биыл да сондай адамдарды таңдап, менің туған күнімде сол премияны табыс етемін», – деді Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов.

Толығырақ: https://almaty.tv/kz/news/meditsina/1539-almatyda-t-sharmanov-khalykaralyk-syylyk-tabystaldy

[:]

Leave a comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *