[:ru]Открылась AlmaU Sharmanov School of Health Sciences[:kz]AlmaU Sharmanov School of Health Sciences ашылды[:]

[:ru]В Алматы Менеджмент Университете прошло официальное открытие AlmaU Sharmanov School of Health Sciences и состоялся международный круглый стол «Науки о здоровье: мировые тренды и казахстанская повестка».

Академик РАН и НАН РК Торегельды Шарманов внёс огромный вклад в мировое и казахстанское здравоохранение и был удостоен высшей награды Всемирной Организации Здравоохранение – медали Леона Бернарда, также он является основателем и президентом Казахской Академии Питания.

Ректор AlmaU Гульнар Куренкеева вручила Торегельды Шарманулы диплом, подтверждающий звание «Заслуженного профессора Almaty Management University».  92-летний ученый воспринимает открытие школы как ответственность.

«Мое бремя — это бремя моего потомства. А счастье – это нести это бремя»,- отметил Торегельди Шарманулы.

Министр науки и высшего образования Саясат Нурбек прислал видеообращение, где поздравил с открытием школы.

«Запуск школы даст новый импульс науке о здоровье и сможет оказать значительное влияние на систему здравоохранения Казахстана. Уверен, что это событие стало отправной точкой в оздоровлении населения и изменит жизнь казахстанцев к лучшему»,-подчеркнул министр.

В XXI веке науки о здоровье приобретают новый импульс. Вопросы качества жизни и долголетия, ментального здоровья и психологии, нутрициологии и диетологии и многие другие актуальные вопросы стали предметом как глубокого научного исследования, так и популяризованы в широких кругах.

Проректор по научной работе Литовского университета наук о здоровье, Советник Европейской Комиссии Вайва Лесаускайте в своей речи отметила мировые тренды в науках о здоровье. Член консультативной группы экспертов ВОЗ по укреплению здоровья Алтын Арингазина представила программу новой школы.

Национальный координатор ВОЗ в Казахстане по вопросам психического здоровья Николай Негай посоветовал уделять особое внимание психическому здоровью. Член Американской ассоциации здравоохранения, президент Академии профилактической медицины и Национального центра здорового питания в Казахстане Алмаз Шарман рассказал о том, как современность влияет на человека.

О биохакинге рассказал фитнес-тренер, автор проекта «Другой ты» Валихан Тен. При этом он подчеркнул, что гордится тем, что учился в AlmaU, сделав акцент на концепции «Мозг это тоже мышцы». Иван Рыбаков, руководитель международного проекта «Корпоративное процветание», поделился результатами исследования: насколько здоровье сотрудников влияет на рост бизнеса.

С 2012 года AlmaU поддерживает тесную связь с системой здравоохранения Казахстана. В рамках университета проводятся программа МВА «Менеджмент в сфере здравоохранения» (обучено более 200 топ-менеджеров медицинских учреждений), консалтинговые проекты, семинары и тренинги с учетом потребностей аудитории.

Источник: https://almau.edu.kz/news/otkrylas_almau_sharmanov_school_of_health-13414[:kz]«Алматы Менеджмент Университеті» (AlmaU) «Денсаулық ғылымдары: әлемдік трендтер мен Қазақстандағы ахуал» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сонымен қатар AlmaU Sharmanov School of Health Sciences мектебінің тұсауын кесті.

ҚР ҰҒА және РМҒА  академигі  Төрегелді Шарманов – әлемдік және қазақстандық денсаулық сақтау саласына зор үлес қосқан азамат. Ол дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Леон Бернард атындағы медалімен марапатталған. Сонымен қатар Қазақ тағамтану академиясының негізін қалаушы.

AlmaU ректоры Гүлнар Күренкеева Төрегелді Шарманұлының «Алматы менеджмент Университетінің Құрметті профессоры» атағын алғанын растайтын дипломды табыс етті. 92-ге келген ғалым өз есімімен аталған мектептің ашылуын зор жауапкершілік деп бағалады. Бұл жауапкершілікті үрім-бұтағы да сезінетінін тілге тиек етті.

«Маған жүктелген жүк – ұрпағыма жүктелген жүк. Ал бақыт дегеніміз – сол жүкті алып жүру» деді Төрегелді Шарманұлы.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек видео арқылы мектептің ашылуымен құттықтады. «Мұндай мектептің ашылуы денсаулық ғылымдарына жаңа импульс беріп, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне зор үлес қосады. Бүгінгі оқиға қазақстандықтардың өмірін жақсы жаққа қарай өзгертетініне сенімдімін» деді министр.

Шарада белгілі кәсіпкер, AlmaU Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Еркін Тәттішев бой көрсетті.

XXI ғасырда денсаулық жайлы ғылымдар жаңа импульс алып жатыр. Өмір сапасы мен ұзақ жасау, ментальды саулық пен психология, нутрициология мен диетология сияқты өзекті мәселелер терең ғылыми зерттеулерге арқау болып қана қоймай халық арасында қызығушылық туғызып жатыр.

Халықаралық дөңгелек үстелге отандық және шетелдік танымал эксперттер қатысты. Литва денсаулық ғылымы университетінің ғылыми жұмыстар бойынша проректоры, Еуропалық комиссияның Кеңесшісі Вайва Лесаускайте денсаулық жайлы ғылымдардың халықаралық трендтеріне тоқталды.

ДСҰ-ның денсаулықты нығайту бойынша консультативтік эксперттер тобының мүшесі Алтын Арингазина жаңа мектептің бағдарламасымен таныстырды. Психикалық саулық мәселелері бойынша ДСҰ-ның Қазақстандағы кеңсесінің ұлттық координаторы Николай Негай ментальды саулыққа айрықша көңіл бөлуге кеңес берді.

Америкалық денсаулық сақтау ассоциациясының мүшесі, Ұлттық дұрыс тағамтану орталығының президенті Алмаз Шарман заман ағымы адам баласына қалай әсер етіп жатқанын, кезінде дала қазағының мәзірі бай болғанын тілге тиек етті. Фитнес-тренер, «Басқа сен» жобасының авторы Валихан Тен биохакинг жайлы сөз қозғады. «Корпоративті береке» халықаралық жобасының жетекшісі Иван Рыбаков қызметкерлер денсаулығының кәсіптің өсуіне қаншалықты әсер ететіні жайлы зерттеулердің нәтижесін бөлісті.

Дереккөз: https://almau.edu.kz/kz/news/_almau_sharmanov_school_of_health_sciences_ashyldy-13414[:]

Leave a comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *